Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Акция аясында қазалылықтар аудан аумағында орналасқан киелі Жанкент қалашығы, Жанқожа батыр кесенесі, Жалаңтөс баһадүр алаңы, Әйтеке би ескерткіші, Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі «Тағзым» алаңы, Қызылқұм ауылдық округіндегі Сараман-Қоса мұнарасы және аудан аумағындағы өзге де киелі орындар мен зираттар аумағына тазалық жүргізіп, игі іске атсалысты.
Жалпы жыл басынан бері «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында аудан орталығы мен елді мекендерде 30-дан астам кең ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық барысында жол бойындағы бордюрлерді, бағаналарды, қоршауларды әктеу, сырлау, аяқ су арықтарын тазарту, көшелер бойын көгалдандыру, ағаш егу, ретсіз өскен шөптерді шабу жұмыстары атқарылған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан орталығы Әйтеке би кентінде 100 дана қоқыс жәшігі сатып алынса, аудан орталығындағы көше атауы берілген азаматтардың ұрпақтарының демеушілігімен 80 дана қоқыс жәшігі алынып, тұрғын үйлерге орналастырылды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде жыл басынан бері 5600 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Аудан бойынша биыл барлық елді мекендерде 3000-ға жуық ағаш көшеттері егіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілген.
Айта кетейік, бүгін ғана өткен игі шараға аудан басшысы Алмасбек Есмахановпен бірге зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, ел ағалары, ардагерлер, жастар мен аудан тұрғындары белсене қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *