Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданындағы көктемгі егін егу науқаны жоспарлы түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен өткен кезекті отырыста егістік жұмыстарына дайындық мәселесі қозғалып, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Бағлан Мейрамбекұлы баян­дама жасады. Жиында ол биыл егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі, олардың құрылымы және суармалы жерлерді тиімді пайдалану жос­парлары туралы айтып өтті.

– Биыл ауданда 32064 гек­тарға егін егу жоспарлануда. Оның ішінде, күріш дақылы 17 000 гектарға егілетін болады. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарында жалпы – 4585 гектар ақ егіс егілді. Биылғы егіске 5000 тонна күріш тұқымы құйылып, қазіргі таңда 3289 тон­насы себу дәрежесіне жеткізілді. Күріш егісіне қажетті ми­нералдық тыңайтқыштың кө­ле­мі 10 800 тоннаны құраса, бүгінге 9395 тоннасы сатып алын­ды. Көктемгі дала жұмыс­тарын жүргізуге барлығы 780 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда. Үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарына қажетті 2825 тонна дизель отынының 1015 тоннасы шаруа­шылық құрылымдарына жет­кізілуде. Бүгінде «Қазсушар» РМК об­лыстық филиалымен 117 шаруа қожалық суға келі­сім­­шартқа отырды. Ауданда барлығы 91 дана насос қон­дырғысы бар. Оның ішінде 33 дана насос­ты ауылдық округ­тердегі үй іргесіндегі жерлер­ге және шаруашылықтар егін­ге 58 дана насосты пайда­ланатын болады, – деді бөлім басшысы.

Отырыс барысында төрт түлікті түгендеу және олардың арасында қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу шаралары бойынша аудандық вете­ринариялық стансасының басшысы Нұрлыбек Дәулетбаев баян­дады.

Оның айтуынша, осы жылға ауданда эпизоотияға қарсы 12 түрлі аса қауіпті ауруға қар­сы ветеринариялық-профи­лак­тикалық іс-шара жоспары бекі­тіліп, 3 айға межеленген көр­сеткіш 100 пайызға орындалған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында 6 түрлі ауруға қарсы вете­ри­нариялық жос­пары бекітіліп, соған сәй­­кес ветеринариялық-профи­лак­тикалық шаралар то­лық атқарылыпты.

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *