Қарағанды облысында қайғылы оқиға тіркелді. 2 мамырдан 3 мамырға қараған түні теміржолда жұмыс істейтін қызметкерді пойыз қағып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан электровоз жол монтерін басып өткен. Машинист шұғыл тежегішті қолданғанымен, құрамды дер кезінде тоқтату мүмкін болмаған.
Оқиға салдарынан 1977 жылы дүниеге келген, 4-разрядты жол монтері сол жерде жан тапсырды. Белгілі болғандай, ол сол уақытта теміржол маңындағы құрал-жабдықтарды күзетіп жүрген.
Қазір аталған жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.