Қызылорда облысындағы Сексеуіл кентінің жеке кәсіпкері Ақжол Боханов өткен жылы өз жылыжай кешенінен көкөніс өсіріп, өнімдерін аудан тұрғындарына саудаға шығарды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Кәсіпкер жылыжайдан алған өнімдерін кент және аудан тұрғындарына нарықтық бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылымға шығарған.
Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мәліметінше, биыл да ол өз жылыжай кешенінде көкөністер, оның ішінде қияр, қызанақ, салат жапырақтарын егуді жалғастырып отыр.
Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер жылыжай жанындағы бақшалық жеріне 250 түп алма, алмұрт, қара өрік жеміс талын және 150 түп терек талының көшетін отырғызған.
Фото: Аудандық ауыл шаруашылығы
мен жер қатынастары бөлімі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *