«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының жаңа «SpeakUp – мектеп дебат қозғалысын дамыту» жобасы аясында облыстық деңгейдегі маңызды іс-шара өтті.   «Сыр жастары – көш басында» атты оқушылар арасындағы дебат турнирін ұйымдастыруға Облыстық жастар ресурстық орталығының «Creative – жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі аясында қолдау тауып өткізілді.
Турнирге Қызылорда қаласы және Қазалы, Сырдария, Жалағаш аудандарынан жалпы 37 команда қатысты.
Шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнерін жетілдіру және қоғамдық белсенділігін арттыру.
Турнир барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, түрлі әлеуметтік және қоғамдық тақырыптар бойынша тартысты пікірсайыс өткізді.
Мұндай форматтағы жарыстар жас буынның көшбасшылық қабілетін қалыптастырып, дебат мәдениетін кеңінен дамытуға жол ашады.
Фото: Партияның Қызылорда қалалық филиалы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *