Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты іс құпияландырылып, сотқа жіберілді, деп хабарлайды Fastnews.kz ақпараттық сайты Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

«Бүгін Қырғызстанның бас прокуратурасы ҰҚМК экс-басшысы Қамшыбек Тәшиевке қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында адвокат Икрамидин Айткулов мәлімдеді. (…) Адвокаттың айтуынша, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Бішкек қаласының Бірінші май аудандық сотына жолданды. Іс бойынша Ташиевпен бірге тағы жеті айыпталушы өтуде. Айткулов, сондай-ақ, қылмыстық істің құпияланғанын айтты. Оның сөзінше, бұл сот отырыстары жабық режимде өтетінін, ал тергеу және сот деректерін жариялауға тыйым салынғанын білдіреді», — делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Адвокаттың мәлімдеуінше, Тәшиевке билікті күшпен басып алуға дайындық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылып отыр.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *