Бір ғана мамыр айында 83 сыбайлас жемқорлық жағдайы тіркелді,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі пара алу, бюджет қаражатын жымқыру және алаяқтық фактілеріне қатысты болған.

Есепті кезеңде 45 адам қылмыстық істер бойынша күдікті ретінде танылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық сипатындағы 85 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, олардың 66-сы сот қарауына жолданған.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 1,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекет бюджетіне 835,3 млн теңге өндіріліп қайтарылды. Сондай-ақ құны 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

ҰҚК мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жалғасуда және құқық бұзушылықтардың алдын алу мен анықтау шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

 

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *