Үш мектеп бітіруші түлек суға кетті
Үш мектеп бітруші түлек суға кетті,- деп хабарлайды fastnews.kz ақпараттық сайты.
Оқиға кеше кешкісін Батыс Қазақстан облысы Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші өзенінде болған. Үш бозбаланың жасы 17-18 арасында.
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, олар рұқсат етілмеген аумақта шомылған. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жеткен. Алайда олар жеткенше марқұмдардың сүйегін жергілікті тұрғындар судан өздері шығарып үлгерген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.













