Синоптиктер 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Термометр бағандары 30-38 градусқа дейін жоғарылайды.

Қазақстанның орталығы мен солтүстік-батысында күн ерекше ыстық болады.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 21-22 маусымда 40-41 градусқа дейін өте қатты аптап ыстық күтіледі. Тек батыс өңірлерде ғана ыстықтың беті сәл қайтып, ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады.

Сонымен қатар, алдағы демалыс күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. 21-22 маусымда батыста қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Сондай-ақ, Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты.

2026 жылғы маусымда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатыны да хабарланды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *