Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!» деп атап өтті.

Жаңа Конституцияның преамбуласында байырғы қазақ жеріндегі мемлекеттілікті нығайту және Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығын сақтау негізгі қағидаттардың бірі ретінде айқындалған.

Ата Заң еліміздің демократиялық даму бағытын белгілейтін, адам құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ азаматтың қадір-қасиетін ең жоғары құндылық ретінде бекітетін маңызды тарихи құжат болып саналады.

Конституцияда заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын күшейтуге, сот жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың маңызды шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған бірқатар жаңашыл нормалар қамтылған.

Сонымен қатар, білім мен ғылымды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде белгіленген. Отбасы институтын нығайту, мемлекеттің зайырлы сипатын сақтау және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету қағидаттары елдің тұрақты дамуының берік негізі ретінде көрсетілген.

Осыған байланысты Конституция талаптарын құрметтеу және оның қағидаттарын күнделікті өмірде басшылыққа алу әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі азаматтық парызы болып табылады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *