Аң аулауды өткізу мерзiмдерi
Қызылорда облысы аумағында аңшылық маусымы қарсаңында аң аулау ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға аңшылықтың тек белгіленген мерзімде және тиісті рұқсат құжаттарымен жүзеге асырылатыны түсіндірілуде. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды аулауға, рұқсат етілмеген жерлерде аңшылық жасауға және белгіленген лимиттен артық аң аулауға заңмен тыйым салынғаны ескертіледі. Табиғатты қорғау-әрбір азаматтың ортақ міндеті, сондықтан аңшылық кезінде заң талаптарын сақтау және жануарлар дүниесіне ұқыпты қарау маңызды.
Күзгі аңшылық маусымын бақылау
Күзгі аңшылық маусымы- аңшылар үшін ең белсенді кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде аңшылық тек белгіленген мерзімдерде және бекітілген лимиттер шегінде жүргізіледі. Бақылау жұмыстары аңшылық алқаптарында тұрақты түрде ұйымдастырылып, аңшылардың жолдамалары, аңшылық билеттері және қару сақтауға арналған құжаттары тексеріледі. Инспекторлар белгіленген аулау нормаларының сақталуын, сирек кездесетін немесе Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың қорғалуын жануарлар популяциясының тұрақты сақталуына мүмкіндік береді.
Аң аулауды өткізу мерзiмдерi:
| Жануарлар түрлері | Аң аулау мерзiмдерi |
| Су тышқан (ондатра) | 1 қазан — 15 ақпан |
| Кәдiмгi тиiн | 20 қазан — 15 ақпан |
| Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын,
құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян) |
1 қараша — 15 ақпан (аң аулайтын ит
түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап аулау) |
| Зорман (сары тышқан) | ұйқыдан шыққаннан бастап — 30 сәуiрге дейін |
| Суырлар* | 15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін |
| Шалшықшылар, жылқышы | 1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін
(аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз — 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) |
| Бөдене, кептер, түркептер | 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң
аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау) |
| Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*,
қасқалдақ |
қыркүйектің алғашқы сенбісінен
бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша*** (аталық үйректерді көктемгі аулауға1 наурыз — 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) |
| Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi,
сақалды шiл), шіл |
қыркүйектің алғашқы сенбісінен — 15
қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап) |
| Құр | қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30
қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша*** (аталық құрларды көктемгі аулауға 1 наурыз — 5 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) |
| Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа) | қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30
қараша аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір — 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi |
| Борсық | қыркүйектің алғашқы сенбісінен — 31 желтоқсан |
| Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан | 1 қыркүйек — 31 желтоқсан |
| Сібір елігі | 20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға
дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) |
| Сібір тау ешкісі | 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға
дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) |
| Саңырау құр | 1 қазан — 30 қараша аталықтарын көктемгi
аулауға 1 наурыз — 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi |
| Гималай ұлары, кекiлiк | 1 қазан — 15 желтоқсан |
| Құндыз | 15 қазан — 31 желтоқсан |
| Қырғауыл | 15 қазан — 31 желтоқсан (аң аулайтын
иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап) |
Ескертпе: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.
Нұрылдаев Кенжеғазы Нұрылдаұлы

Фото: Ашық дереккөз












