Аида Балаева ағзалық донор болуға келісетінін хабарлады
ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзі өмірден өткеннен кейін ағзаларын донорлыққа беретінін мәлімдеді.
Бұл жайлы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.
Күндердің күнінде жақындарымның алдына дәл осындай таңдау тұрса, онда, сөз жоқ, өмірге қайта оралғысы келетін адамдарға көмектесудің маңызын түсінгенін қалар едім. Мен ағзаларымды донорлыққа беруге келісім беретінімді жауапкершілікпен атап өткім келеді,- деді ол.













