Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке тиесілі 100-ден астам бірегей жәдігер Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жанындағы Әскери-тарихи музей қорына тапсырылды.

📌Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл бағалы жәдігерлерді музейге батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова мен немересі Сауық Нұрмағамбетов табыстаған.

🔸Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ даңқты қолбасшының туған-туыстары мен жақындары қатысқан.

«Әскери-тарихи музейде бұған дейін де Сағадат Нұрмағамбетовке арналған жеке экспозиция жұмыс істеп келеді. Енді ол 100-ден астам жаңа бірегей жәдігермен толықты. Олардың қатарында мемлекеттік наградалардың түпнұсқасы, әскери киім үлгілері, жеке құжаттар бар. Экспозициядағы ең құнды жәдігерлердің бірі – Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградаларының бірі саналатын «Отан» ордені. Сонымен қатар музей қорына Сағадат Қожахметұлына әр жылдары сыйға тартылған атаулы және сыйлық қарулар да тапсырылды», — делінген хабарламада.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Елеулі есім

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *