Биыл елімізде 19 сүт-тауар фермасы іске қосылады
Ол негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан жоғары екенін атап өтті.
Сонымен қатар құс еті, балық, қант, ірімшік пен сүзбе, шұжық өнімдері және алма бойынша қамтамасыз ету деңгейін 80%-ға жеткізу мақсатында отандық өндірісті ұлғайту және импортты алмастыру жөнінде нысаналы жұмыстар жүргізілуде.
«Мәселен сүт саласының шикізат базасын нығайту мақсатында тауарлық-сүт фермаларын салуға жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жалпы жылдық қуаттылығы 500 мың тоннадан асатын 95 сүт-тауар фермасы қаржыландырылды, оның ішінде 71 ферма пайдалануға берілді.
Осы жылдың соңына дейін жылдық қуаттылығы шамамен 100 мың тоннаны құрайтын тағы 19 ферманы іске қосу жоспарланып отыр», — деді Азат Сұлтанов.
Фото: Оңалхан Өнерхан












