Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемнің мерзімі қысқарады. 1 қазаннан бастап жұмыссыздық бойынша жәрдемақы бұрынғыдай алты ай емес, үш айға дейін төленеді.

Соңғы сегіз айда елімізде табысынан айырылған 314 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік төлем тағайындалған. Бұл мақсатқа бюджеттен 100 млрд 800 млн теңге бағытталған.

Салыстырмалы түрде, өткен жылы 354 мыңнан астам азамат жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Оларға жалпы 130 млрд теңгеге жуық қаражат төленген.

Жаңа тәртіп бойынша жәрдемақы алу үшін азамат алдымен тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына тіркелуі қажет. Орталық мамандары жұмыс іздеушіге қолжетімді бос жұмыс орындарын ұсынады. Сонымен қатар қажет болған жағдайда қайта даярлау және арнайы оқыту курстарына жолдама беріледі.

Егер ұсынылған жұмыс орындары немесе оқу мүмкіндіктері азаматқа сәйкес келмесе, сол жағдайда ғана жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады.

Осылайша, 1 қазаннан бастап мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тек уақытша қаржылай көмекпен шектелмей, азаматтарды қайта жұмысқа орналастыруға бағытталмақ. Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына тезірек қайтару.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *