Қызылорда облысы Сырдария ауданында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді жаңғырту мақсатында «Күбі піскен – айран, майы шыққан – ырыс» тақырыбында әйел-аналар арасында сайыс өтті.

Сайысқа ауданға қарасты 10 ауылдан әйел-аналар қатысып, күбі пісу және май алу өнерінен бақ сынады. Қатысушылар қазақ халқының тұрмысында ертеден қалыптасқан ұлттық тағам дайындау дәстүрлерін көрсетіп, өз шеберліктерін ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Жетікөл ауылынан Пржанова Жұлдыз.
ІІ орын – Нағи Ілиясов ауылынан Мәмбекова Аймереке.
ІІІ орын – Ақжарма ауылынан Ерімбетова Динара.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары – ұрпаққа қалдырылған құнды мұра. Осындай іс-шаралар арқылы халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне тән дәстүрлер дәріптеліп, ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік беріледі.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *