2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Министрлік мәліметінше, жарылғыш зат қойылғаны немесе өзге де қауіп-қатер бар екені туралы жалған хабарламалар телефон, электронды пошта, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылады. Көп жағдайда мұндай әрекетке оны әзіл немесе назар аударту амалы деп қабылдайтын жасөспірімдер барады. Интернетте бұл құбылыс «сваттинг» деп аталады.

Жалған хабарлама түскен жағдайда мектептер, ауруханалар мен басқа да мекемелер эвакуацияланып, оқиға орнына полиция, құтқарушылар және арнайы қызметтер жіберіледі. Соның салдарынан жүздеген адамның жұмысы бұзылып, қомақты қаражат пен ресурстар жұмсалады.

ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салады. Бұл әрекет үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар кінәлілер шұғыл қызметтердің жұмысына жұмсалған шығындарды қоса алғанда, келтірілген залалды өтеуге міндеттелуі мүмкін.

Мұндай ойланбай жасалған әрекет қылмыстық жазаға ғана емес, отбасыға елеулі қаржылық салмақ түсіруі мүмкін.

Фото: Полиция.кз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *