Қызылордада «Сырдың Сәбирасы – І» Халықаралық театрлар фестивалі өтеді
Сыр мәдениетінің қара шаңырағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдығына орай 2025 жылдың 24-30 сәуір аралығында Қызылорда қаласында «Сырдың Сәбирасы – І» Халықаралық театрлар фестивалі өткізіледі.
Бұл – театр өнерінің туын жоғары көтеріп, мәдениетімізді танытуға бағытталған үлкен қадам. Жаңа шығармашылық жетістіктер мен ғаламат қойылымдар арқылы, театр ұжымы өнерсүйер қауымды тағы да қуантары сөзсіз.
Халықаралық Фестивальге Румыния, Грузия, Қырғызстан және еліміздің өзге облыстарынан барлығы 11 кәсіби театр қатысады.
Кешегіні тірілтіп, келешекке тағылым сыйлайтын саф өнер күндері 24 сәуір, сағат 19.00-де Орталық алаңда, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының алдында салтанатты ашылу рәсімімен бастау алады.

Хамит Алимбетов