Тауарлар мен қызметтердің сапасы тұтынушының өмірден қарапайым қанағат алудың басты факторы ғана емес, тұтынушының денсаулығы мен жалпы өмір қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Сондай-ақ керісінше заң талаптарына сай келмейтін өнімдер мен қызметтер қоғамға қауіп төндіреді.

Сондықтан тұтынушы өз құқықтарын сақтай білуі тиіс. Өз құқықтарын білу тұтынушыларға тауар сатушылардың тарапынан озбырлықты болдырмауға, ал өндірушілер мен сатушыларға сапа жағынан қабылданған талаптарды қанағаттандырмайтын ұсынылған және сатылған өнім шығындарын, сонымен қатар экономикалық және әкімшілік ықпал шаралардың шығындарын өтеуге арналған артық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Күнделікті өмірде тұтынушы тауар сатып алу кезінде туындайтын қарапайым мысалдардың бірі көп ретте тауар туралы ақпарат шет тілде жазылғандықтан қолдану жөнінде толық ақпарат болмайды. Сондай мысалдың бірі:

Ағымдағы жылдың 16 наурызында тұтынушы А. қысқа толқынды пеш сатып алды. Құжат шет тілде жазылғандықтан қолдану жөнінде толық ақпарат ала алмады, тамақтары жиі күйіп кететін болды. Енді не істеу керек?

Шет елде өндірілген тауардың ақпарат жазылған  нұсқаулығы, маркасы, қолдану ережелері импорттаушы ұйым есебінен қаржыландырылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы қажет.

Қазақстан Республиксының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес, тұтынушы қажетті қасиеттері жоқ тауарды сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.

Сатып алынған тауарды мақсатына сай пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соқса, тұтынушы тауарды сатып алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті ақпарат беруді талап етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде ақпарат берілмесе, тұтынушы шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.

Сондай-ақ аталған Заңның 25- бабының 7- тармағына сәйкес бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Меруерт АСҚАРҚЫЗЫ,

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *