Бұл туралы баланың туыстары әлеуметтік желіде хабарлады.

Желідегі мәліметке сәйкес, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Family fort демалыс аймағында ілініп тұрған сымды байқамаған 11 жасар баланы тоқ соққан. Ол алған жарақаттарынан жан тапсырған.

«Аталған аумақтағы электр желілері жекеменшікке тиесілі. Қайғылы оқиғадан кейін тіректер жағажайдан алынды. Бұл дерек бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда», — деп хабарлады Қонаев қаласының әкімдігі.
/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *