2025 жылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина жасау саласы 11,1% экономикалық өсім көрсетті. 16 шілдеде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы сектордың қарқынын одан әрі жеделдетудің және қосымша әлеуетін ашудың мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылауға арналды.

Машина жасау өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторының бірі ретінде оның жалпы көлемінің 19%-ын қамтамасыз етеді. Өсудің негізгі драйверлері: автомобиль (+12,1%), теміржол және басқа да көлік құралдары (+7,1%), ауыл шаруашылығы техникасы (+1,3%), электротехника (+21,5%), компьютер, электрондық және оптикалық жабдық (өсім 1,7 есе) өндірісі, сондай-ақ машина және жабдық жөндеу мен орнату (+12%).

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *