Жетісу облысында адам өмірін құтқару кезінде өрт сөндіру қызметкері қаза тапты,- деп хабарлайды

Қайғылы оқиға 7 наурыз күні Панфилов ауданында болған. Алтынкөл көлінде мұз жарылып, балықшы жағадан алыс жерде қалып қойған.

Суға батып бара жатқан азаматты құтқару үшін №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов көмекке ұмтылған. Алайда құтқару жұмыстары барысында мұз қайта жарылып, ол қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.

Дамир Таранов азаматтық қорғау органдарында 2012 жылдан бері еңбек еткен. 2016 жылдан бастап Панфилов ауданы мен Қапшағай қаласының өртке қарсы қызметінде жұмыс істеген.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *