Жазғы маусымда Қазақстанның туристік аймақтарына қатынайтын пойыздар саны артады,- деп хабарлайды .FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Осы мақсатта 15 қосымша теміржол бағыты іске қосылып, жолаушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынылады.
Қосымша рейстер Астана–Достық, Алматы–Достық, Семей–Достық, Өскемен–Достық, Қарағанды–Балқаш, Алматы–Семей, Ақтөбе–Астана және Нұрлы жол–Шымкент бағыттары бойынша жүреді.
Жаңа маршруттардың басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 10 бағыты, демалушылар көп баратын Алакөл өңіріне бағытталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жазғы кезеңде 400 мыңнан астам қосымша жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік жасалады.