Маха.dxb лақап атымен танымал блогерге іздеу жарияланды
Маха.dxb лақап атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
ҚМА мәліметінше, ол SultanGames, PINCO, Nomadcasino, Pin-Up, Vavada және өзге де заңсыз интернет-казиноларды жарнамалады деген күдікке ілінген.
Тергеу нұсқасы бойынша, Хикматов Қазақстандағы 35-тен астам блогерді, соның ішінде Қайсар Қамзаны заңсыз казино жарнамасына тартқан. Ол инфлюенсерлердің аудиториясы туралы мәліметтерді жинап, жарнаманың құнын белгілеп отырған.
Махмуд Хикматов — Өзбекстан азаматы, Маха.dxb лақап атымен танымал блогер әрі поп-MMA жекпе-жектерінің қатысушысы.












