Қызылорда өңіріндегі Ақжарма ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді. Аталған жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл әкімі М.Ибраевпен  бірге мектеп басшылар, жергілікті полиция өкілі, кітапханашылар мен денсаулық сақтау және өзге де жауапты мамандар қатысты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Күн тәртібінде бес маңызды мәселелер ұсынылды.
Атап айтқанда, бірінші — Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының алдағы кезеңге жоспарлары, жобалары мен өзекті мәселелері.
Екінші — Әкімшілік аумақта қоғамдық тәртіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен тікелей жұмыс бойынша хабарлама.
Үшінші – Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету бойынша.
Төртінші — Жергілікті қоғамдық кеңес жиналысының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Бесінші — Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары.
Жиын барысында ауыл әкімі хабарлама жасап, алда атқарылатын жоспарлар таныстырылып, жүзеге асырылатын жобалар мен басым бағыттар айқындалды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты жергілікті қоғамдастық жиналыс өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Фото: Ақжарма ауылдық округі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *