27 ақпанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Дода» атты бірегей жоба ұйымдастырылады.

Іс-шарада тартысқа толы шығармашылық сайыс пен тамаша шоу-бағдарлама ұсынылады. Сахнада шебер күйшілер, ансамбльдер мен солистер халық музыкасының үздік туындылары мен хореографиялық қойылымдарын орындайды.

Кеш ерекше форматта өтеді. Өнерпаздар ұлттық мәдениетке терең бойлап, қазақ өнерінің қыр-сырын ашып көрсетеді. Қатысушыларға қызықты сұрақтар қойылады.

Өнер сайысында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы мен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның белгілі әртістері өнер көрсетеді.

 

#Фастньюскз #Фастньюс #Фастнюс #Фасткз #Байқау #2025 #Қазақстан

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *