Көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен жігіт ұсталды
Достарымен кездесу үшін көршісінің көлігін заңсыз айдап кеткен жігіт қолға түсті, – деп хабарлайды fastnews.kz тілшісі Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен жас жігітті ұстады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша оқиға түнгі уақытта болған. Жас жігіт көпқабатты үйлердің ауласында тұрған көршісінің автокөлігін айдап кеткен. Күдікті достарына жетіп алған соң көлікті қиылыстардың бірінде қалдырған. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті дер кезінде анықтап, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
/сурет Polisia.kz.