Өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың спорт инфрақұрылымына қолжетімділігі – 55,1 %-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Ол бұл көрсеткіш 2020 жылмен (46,2%) және 2023 жылмен (52,2%) салыстырғанда өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Бүгінде ел бойынша 25 760 спорт ғимараты бар. Оның ішінде 1 298 нысан жөндеуді қажет етеді.

2025 жылдың 9 айында 35 спорт нысаны салынды. Жыл соңына дейін тағы 67 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.

«Спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру – Министрліктің негізгі бағыттарының бірі. Ең жоғары көрсеткіштер Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында. Тұжырымдамаға сәйкес бұл көрсеткішті 2029 жылы 65 %-ға жеткізу міндеті тұр», — деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Фото: Үкімет үйі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *