Елорда өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданындағы Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан көтерме-бөлшек сауда базарларының бірінде тұтанған өртті сөндірді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

ТЖМ берген ақпаратқа сәйкес, ангар типіндегі бір қабатты ғимараттағы екі дүңгіршек жалынға оранған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Құтқарушылардың айтуынша, өрт сөндіру жұмыстары от толық лаулап жанған сәтте басталған, ғимараттың құрылыстық ерекшелігі мен жоғары өрт жүктемесі және қою түтін жағдайды күрделендірген.

Ғимарат ішінде адамдардың бар-жоғы тексерілді, өрт болған сәтте келушілер болмаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің таралу қаупі жойылып, ашық жалын ауыздықталды. Қазір өрт сөндірушілер жасырын жану ошақтарын анықтау үшін дүңгіршектердің артқы бөлмелерін тексеріп жатыр.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 95 қызметкер және 25 техника жұмылдырылған.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *