Еліміздің бірлігі мен бауырмалдығын дәріптейтін асыл дәстүріміздің бірі — Амал мерекесі. Осыған орай бүгін 14 наурыз – Амал мерекесі қарсаңында ауданымыздың орталық алаңында мерекелік мәдени шара ұйымдастырылды. Тағылымды шара театрландырылған қойылыммен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Бұл мейрам – қыстан аман шығып, ағайын-туыс, жақындармен қауышып, ақжарма тілектер айтылатын ерекше мереке. Сондықтан тағылымды шарада мейрамның маңызы зор екені ерекше атап өтілді. Сондай-ақ халықтың бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасып, татулық пен бауырмалдықты дәріптейтін көрініс те көрсетілді.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, ән мен жырдан шашу шашылды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *