Денсаулық сақтау министрлігі 400-ге жуық стоматологияны тексерді
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі стоматологиялық клиникаларды жоспардан тыс тексеріп жатыр. Аталған тексеріс Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық департаменттері арқылы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ салалық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тізімге енген 622 клиниканың 392-сі тексеріліп, 103-інде заңбұзушылықтар анықталмаған. Қызметін тоқтатқан 174 нысанның 56-сы лицензиясын ерікті түрде қайтарды.
Жекелеген жағдайларда клиникалар 30-90 күнге дейін уақытша жабылып, кейбір медицина қызметкері 30 күнге дейін жұмыстан шеттетілді.
Тексерулер медициналық стандарттардың сақталуы, лицензиялық талаптар және мамандардың біліктілігіне бағытталған. Негізгі мақсат – пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, стоматологиялық қызмет сапасын арттыру.
Фото: pexels.com












