Банк құпиясы: Жұбайыңыз сіздің шотыңызды көруге құқылы ма?
Жұбайлардың бір-бірінің шоттарына қол жеткізу мүмкіндігі туралы қалай жүзеге асырылатыны белгілі болды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтің кулуарында жұбайларға бір-бірінің банктік шоттарына қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
Мәселе Қазақстан азаматының бұрынғы жұбайының шоттарына қол жеткізу талабымен Конституциялық сотқа жүгінуіне байланысты қойылған.
Бұл салық мәселесіне қатысты емес. Өздеріңіз білесіздер, салық саласы бойынша банктік құпияға белгілі бір шектеулер бар. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде ғана, тиісті санкциялар мен нормалар негізінде, бірлескен қағидаларға қол қойылған соң біз деректерді аламыз, – деді Ержан Біржанов.
Оның айтуынша, өзге жағдайларда Қаржы министрлігі мұндай мәліметтерді пайдаланбайды.
Еске салайық, бұған дейін Конституциялық сот бұрынғы ерлі-зайыптылар бір-бірінің банк шотын тексеруіне қатысты жауап берген болатын.
Фото: Б.Жуасбаев












