Сот шешімімен блогер Ерболат Жанәбілев екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, ал оның жұбайы Эльмира Төлегенова кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылып, ол да екі жылға шартты түрде сотталды.

22 сәуірде айыптау тарабы ерлі-зайыптыларға төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған, алайда 27 сәуірде өз ұстанымын жұмсартты.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың тамызында Жанәбілевтер автокөлік ұтысын жариялап, оған қатысуды тек ақылы онлайн-курсты сатып алғаннан кейін ғана қолжетімді еткен. Бұл жағдай қоғамда сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағымдар түсті, себебі заң бойынша лотереяларды тек ресми ұйымдастырушылар ғана өткізе алады.

Нәтижесінде іс сотқа жетіп, бастапқыда олар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Кейін сот блогерлердің әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін байқап, материалдарды Қаржы мониторингі агенттігіне жолдады. Агенттік қылмыстық іс қозғады.

Фото: бейнеден скриншот

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *