Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Республика аумағында күн райы бірде жылынып, бірде суытып, тұрғындарды әбігерге салуы мүмкін. Мамандардың болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал.

Аймақтардағы негізгі өзгерістер:

  • Оңтүстік-шығыс: Таулы аудандарда түнде жаңбыр ғана емес, сулы қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Күндіз ауа температурасы +22…+27°С-қа дейін көтеріледі.

  • Оңтүстік пен Оңтүстік-батыс: Бұл аймақтарда шаңды дауыл тұрады деп болжануда. Дегенмен, термометр бағандары ең жоғары көрсеткішке жетіп, +25…+34°С-қа дейін ыстық болады.

  • Солтүстік, Батыс және Орталық: Бұл өңірлерде түнде және таңертең -3°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Бірақ күндіз күн біртіндеп жылынып, солтүстікте +26°С-қа, орталықта +30°С-қа дейін жетеді.

Қай жерде күн ашық болады?

Жауын-шашынсыз ашық ауа райы тек санаулы өңірлерде ғана сақталады:

  • Солтүстік және Орталық: Бүкіл кезең бойы ашық болады.

  • Оңтүстік облыстар: 28-29 сәуірде.

  • Шығыс облыстар: 29-30 сәуірде.

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жол көрінісі нашарлауы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер мен жолаушыларға сақ болу ұсынылады.

Фото: Артем Чурсинов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *