Жыл басынан бері сталкингке қатысты 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған кезеңде 11 мыңнан астам адам әкімшілік қамауға алынған.

Сондай-ақ сот агрессивті мінез-құлық танытқан 9,2 мың адамға ерекше талаптар белгілеп, 8,3 мың азаматқа алкогольдік ішімдік тұтынуға тыйым салған.

Бұдан бөлек, 49 құқық бұзушыға жәбірленушілермен байланыс орнатуға және олардың тұрғылықты жеріне жақындауға шектеу қойылған.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *