Елдің ең үлкен байлығы – жері емес, кені емес, халқы. Ал халықтың сөзін тыңдай білген билік қана елдің ертеңіне жол ашады. Осы ұстанымды берік ұстанған Жаңақорған ауданының басшылығы Байкенже, Кейден, Жайылма ауылдары мен Шалқия кентіне арнайы барып, тұрғындармен тілдесті, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжанмен бірге аудан прокуроры Бақытхан Бөлеулиев, аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Амалбеков және аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов халықпен ашық пікір алмасты.

Фото: Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу – есеп беру үшін емес, елдің мұңын тыңдау үшін өтті. Себебі ауылдың тынысы кабинеттен емес, қарапайым тұрғынның сөзінен сезіледі.

Аудан әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік реформалардың мәніне тоқталды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформалардың түпкі мақсаты – Әділетті Қазақстанды құру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Осы жолда қабылданған Жаңа Конституция елдің саяси жаңғыруына тың серпін берді. Ал «Таза Қазақстан» акциясы туған жерге деген жанашырлықты арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауды баршамыздың ортақ міндетімізге айналдыруы тиіс. Осы мақсатта облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен ауданымызда да жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табады, – деді аудан әкімі.

Фото: Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Заң үстемдік құрмаған жерде тәртіп те, тұрақтылық та болмайды. Осы орайда аудан прокуроры Бақытхан Бөлеулиев «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам үшін маңызын айрықша атап өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және әр азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Кездесулердің басты құндылығы – халықтың ашық пікір айтуында болды. Тұрғындар ауылдың өзекті мәселелерін бүкпесіз жеткізді. Әр сауал назардан тыс қалған жоқ.

Фото: Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу аяқталған соң аудан әкімінің жұмыс сапары әлеуметтік нысандарды аралаумен жалғасты. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, балабақшалардың жай-күйі, алдағы жылу беру маусымына әзірлік жан-жақты пысықталды. Жауапты сала жетекшілеріне білім беру ұйымдарының толық дайын болуын қамтамасыз ету, қысқы маусымға сапалы әзірлену, ауылдардың санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын күнделікті бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Фото: Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *