Сайлауалды штабының мүшелері базарда тұрғындармен кездесті
«Әділет» партиясының облыстық және қалалық сайлауалды штабының мүшелері мен Құрылтайға үміткер Мұрат Әбенов Қызылорда қаласындағы «Сұлтан» базарында тұрғындар және саудагерлермен кездесті.
Экспромт форматында өткен жүздесу барысында қатысушылар күнделікті тұрмыс, баға тұрақтылығы, әлеуметтік қолдау және қала өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.
Мұрат Әбенов қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі бағыттар жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушылар партия бағдарламасына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынды.











