Бүгін Қызылорда облысына қарасты Еңбек ауылдық округінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Отбасылық құндылықтар – ұлт болашағының негізі» атты облыстық форум өтті. Форумға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов қатысып, шараның маңыздылығын атап өтті.
«Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ал ұлттық құндылықтар – халқымыздың рухани тірегі. Бүгінгі басқосу отбасы институтын нығайтуға, ұлттық тәрбиені дәріптеуге және ұрпақ сабақтастығын сақтауға бағытталған маңызды алаң. Осындай тағылымды форумның өнегелі, бірлігі жарасқан, «Үлгілі ауыл» атанған Еңбек ауылында өтуінің өзіндік мәні бар», – деді аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов.
Форум барысында отбасы институтын нығайту, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу, ұлттық тәрбие мен рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Жиын соңында 18 баланы дүниеге әкелген батыр ана Фатима Нұрмағанбетова «Қызылорда облысының Құрметті ардагері» төсбелгісімен, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Мәлік Сүлейменов «Жалағаш ауданының Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, отбасы құндылықтарын насихаттауға үлес қосқан бірқатар азаматқа аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Форум аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *