14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады. Тарихи тұрғыдан, Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы. Наурызнама – жасанды жаңашылдық емес, керісінше, көпкүндік мерекелеу арқылы оның қыр-сырын ашып, дәстүрлі сипатын дамытуға бағытталған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мерекенің онкүндік форматы фестиваль циклін құруға мүмкіндік береді. Күн сайын туристерге қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, ойындарын, музыкасын, қолөнері мен заманауи өнерін таныстыратын жаңа қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады.
Онкүндік аясында еліміз бойынша халықтың дәстүрлерін, мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталған 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Атап айтқанда, Астана қаласында «Қамажай» флешмобы, Ақмола облысында креативті индустрия өкілдері мен қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен «Наурыз – Арбат» жобасы, Көкшетауда мыңнан астам әйел қатысатын «Кимешектер шеруі», Ақтөбеде «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» атты ұлттық киімдер шеруі, халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оятуға бағытталған басқа да көптеген ауқымды іс-шаралар өтеді.

Ал, былтырғы жылы онкүндік аясында елімізде 800-ден астам іс-шара өтті.
/сурет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *