Қазақстанда жаңа Салық кодексінде «байлық салығы» деген бөлек ұғым жоқ, бірақ қымбат мүлік түрлеріне салынатын салықтар қарастырылған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті  еске салды, деп хабарлайды Orda.kz.       

Хабарламада келесі мүлік түрлері көрсетілген:

  • Автокөлік құралдары, құны 18 000 АЕК және одан жоғары — көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады.
  • Яхталар мен ұшақтар, құны 24 000 АЕК және одан жоғары — 10% акциз.
  • Алкоголь өнімдері, құны 500 000 теңгеден асатын — литріне 10% акциз.
  • Темекі өнімдері (сигаралар), бір дана үшін құны 10 000 теңгеден жоғары — данасына 10% акциз.
  • Жылжымайтын мүлік (үй, пәтер және т.б.) — егер бір адамның атына тіркелген мүліктің жиынтық құны 450 млн теңгеден асса, онда мүлік салығы 2% мөлшерінде алынады.

Жылжымайтын мүліктің құны қалай есептеледі?

Мүлік құнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есептейді. Комитеттің айтуынша, бұл құн әдетте нарықтық бағадан әлдеқайда төмен болады.

Сонымен қатар, тұрғын және саяжай үй-жайларын бағалау кезінде «байлық коэффициенті» қолданылады, ол бірге тең. Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бұл коэффициентті 50%-ға дейін арттыра алады, бұл тұрғын үйдің санатына байланысты жүзеге асады.

Барлық нысандардың жиынтық құны бір адамның атында 450 млн теңгеден асып кетсе, салық жалпы соманың 2%-ы ретінде есептеледі. Бұл ретте:

Минималды салық сомасы – 2 946 600 теңге. Одан асқан сомаға — 2% мөлшерінде қосымша салық салынады.

Егер мүлік құны 450 млн теңгеден аспаса, онда әр мүлікке бөлек салық салынады. Егер салық төлеушіге қай мүлікке, қанша салық төлеу қажет екені түсініксіз болса, Мемлекеттік кірістер органдарына жүгініп, кеңес алған жөн.

Фото: Ашық дереккөздерден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *