Қазіргі таңда елімізде 8 мыңнан аса мектепте 4,1 миллион оқушы білім алып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Биыл 341 мың бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады. 11-ші – бітіруші сыныпқа 232 мың оқушы өтті. Жаңа оқу жылының ерекшелігі –  орта білім беру жүйесіне  жасанды интеллект  енгізіледі. Ол үшін «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект интеграцияланды, этикалық стандарттары бекітілді. 1-11-сынып оқушыларына арналған Дэй-оф-эй-ай («Day of Al») онлайн курстары және педагогтерге арналған курстар әзірленді», — деді министр,

Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» моделін басқару жүйесі іске қосылады. Осы мақсатта «Келешек мектептерін» басқарудың және аккредиттеудің стандарттары әзірленді, онда үш деңгейлі курстардан өткен 3 мыңнан астам педагог жаңа оқу жылында жаңаша жұмыс бастайды.

«Мектеп құрылысы жұмыстарына тоқталсақ, қазіргі таңда 267 мың орынға арналған 232 мектеп салынуда. 1 қыркүйекте 115 мың оқушыға арналған 83 жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін 140 мың орынға арналған 111 мектептің құрылысы аяқталады», — деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ биыл 190 мың оқушы оқитын 245 мектепті жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 145-і –  ауыл, 100-і – қала мектебі.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *