Қызылорда қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған алғашқы мектепке баспасөз туры өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сол жағалау мөлтек ауданында «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде өңірде алғаш ашылған жалпы орта білім беру ұйымына Ашық есік күні ұйымдастырылды. Оған 400-ден аса ата-ана мен оқушылар сонымен қатар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Әкімдік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 900 оқушыға арналған жаңа мектеп бүгінде цифрландыру, инклюзивтілік және кеңістікті көпфункционалды пайдалануға қойылатын барлық талаптарға сай келетін заманауи үлгілік білім ордасы айналған. Білім ұясы 0-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушыларға толыққанды білім беруді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда ғимарат жаңа жиһаздар, цифрлық құрылғылар мен интерактивті технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Бұл оқу жылының алғашқы күндерінен-ақ сапалы білім беру процесін жолға қоюға мүмкіндік береді.

Білім ордасы инклюзивтілік пен жалпыға бірдей қолжетімділік қағидаттарына сай жобаланған. Ғимарат пандуспен, лифтпен, тактильді бағыттағыштармен, жарықтық белгілермен, сахнаға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Ашық есік күні барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ата-аналарға мектептің инфрақұрылымы:   цифрлық сауаттылық, информатика және робототехника кабинеттері,  ағаш және металл өңдеу, тігін және аспаздық шеберханалары мен бейнелеу өнері, графика және жобалау кабинеттері, STEM-зертханасы таныстырылды. Сонымен қатар  қатысушылар оқушылардың барлық санатына қолайлы жағдай жасайтын сәулеттік және логистикалық шешімдер туралы ақпаратқа қанық болды.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *