«Айбоз» сыйлығын алуға асығыңыз…
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Өтінім қабылдау мерзімі 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Өтінім беру үшін www.aiboz.kz-ке жазуға болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақ әдебиетінің дамуына серпін беретін байқау биыл төртінші рет өтеді. Әр номинация жеңімпазына – 5 млн теңге. Жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Қазірдің өзінде байқауға 66 шығарма түскен.
Номинациялар:
– Үздік проза
– Үздік поэзия
– Үздік драматургия
– Үздік әдеби аударма
– Үздік балалар әдебиеті
– Үздік әдеби сын
– Үздік комикс
Толық ақпарат: www.aiboz.kz
Байланыс: +7 707 333 5610