Заңсыз бензин сатқандар ұсталды
Қырғызстанға АИ-92 бензинін заңсыз шығарған қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Күдіктілер жанар-жағармайды еріткіш ретінде рәсімдеп, жалған құжаттармен шекарадан өткізген. «Түрксіб» станциясында 500 тоннаға жуық заңсыз бензин тиелген 8 цистерна анықталды.
Қылмыстық топтың айналымы 15,5 млрд теңгеден асты. Үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды.
/сурет ашық дереккөзден алынды