Шекарада ірі көлемдегі валюта алып өтпек болғандар ұсталды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, маусым айының алғашқы күндерінде мемлекеттік шекарада заңсыз ақша тасымалдаудың бірнеше әрекетінің жолы кесілді.

2 маусымда Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде Қазақстан азаматының жүгін тексеру барысында декларацияланбаған 299,6 мың АҚШ доллары анықталған.

Ал келесі күні, 3 маусымда Жамбыл облысындағы шекара бекетінде алты шетел азаматы 102,5 миллион рубльді жасырын түрде ел аумағынан алып өтпек болған кезде қолға түсті.

Аталған деректер бойынша жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданған.

Жалпы, ҰҚК мәліметіне сәйкес, осы фактілер бойынша заңсыз тасымалданбақ болған қаражаттың жалпы көлемі шамамен 6,9 млрд теңгені құрайды.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *