«Найза-Антитеррор-2026»: Ұлттық қауіпсіздік комитеті маңызды мәлімдеме жариялады
ҰҚК қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Қазақстанда антитеррорлық ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды. 5–30 маусым аралығында республикалық деңгейдегі «Найза-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өтеді.
Жолдар жабылып, шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.













