Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қазақстанға келеді
5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.

Фото: Ашық дереккөз












