Сағынтайды сағынып жүрмін…
Көзімді қалай аштым солай көкемді көріп келемін. Құрқұлтайдың ұясындай шаңырағынан қонақ арылған жоқ. Табылды Досымовты алғаш Сағынтай көкемнің үйінен көргенмін. Ол кезде бәрі «сілтейді». «Сілтемейтін» сау адам жоқ. Аян екеуміз (Сәкеңнің менімен тетелес ұлы) ақамның шылымын ұрлап шегеміз. (11 жасымда темекі тартуды бастап, әлі қойғаным жоқ)))) Отыз жыл болыпты. Айтпағым ол емес. Айтқым келгені Сағынтай көкемнің сағындырғаны… Сәкең көп құпияны ішіне жасырған — «Қара жәшік». Қазір кім көрінген мән бермеуі мүмкін, бірақ, көкемнің көзі жұмылса «бауырымайлап» біразы «айтқыштанады». Қазіргі «Қара жәшікті» ашып көруге ешбірінің дәті немесе құлқы жоқ. Қазаққа қатысты барлық құндылықты бойынан табуға болады. Ашып көргісі кеп жатқан жан жоқ. Сол мені ойландырады. Көке, мен сізді сағындым… Сағына беремін, ӨЛМЕҢІЗШІ?!
Құрметпен: Асантемір Қаршығаұлы