Қазір байқаймын “бауырым”, “досым” деген аса қымбат ұғымдардың қаратпа сөз ретінде күнделікті күл шығаруға да киіп кете беретін сүйретпе құсап қадірі қашып бара жатыр сияқты. Біреу өмірден өтсе “досым”, “бауырым” деп еңірейміз. Ауырып қалса, бас жағына барып мұңайған түр жасап суретке түсеміз. Бірақ сол досыңның, бауырыңның жанын шын ұғынып, шын түсінсең, қайғысын бөліссең, ішінен шалмасаң, сыртынан сатпасаң, иттік қылмасаң сол сондай күйге түсер ме еді. Әр адамның өз тағдыр талайы бар, десе де талай пенде барар жер, басар тау, сүйенер қара таппай көз алдымызда ескі қабір құсап өз кеудесіне өзі құлап бақиға қарай біржола баз кешіп кетіп жатыр.. Есенқұл ағамыз: “біздің қазақ жақсысын өзі өлтіріп, өлгеннен соң өлтіріп той тойлайды” деуші еді ғой. Бұл пост тікелей ешкімге қатысты емес, бірақ ауыздан ауызға көшіп, қара қотыры шығып кеткен жоғарыдағы екі сөзге обал-ақ.. Қаратпа сөз көп қой, тым нағыла бермеу керек шығар..
Мұхтар НИЯЗОВ