…Жүсіпбек баса айтқан суреттеу мен баяндауға келсек, мен өзім, » Қоңыр күз еді» мен «Тасбақаның шөбін», «Көкек айы» мен «Жусан иісін» оқып өскен ұрпақпын, әдебиетке қандай «изм» келсе де құрғақ баяндауы бар шығарма оқысам, әбіржіп кетем. Бұрынғы кемшілікті қайталамау дейді, бұрынғы әдебиет нағыз сөз өнері, әдебиет дегеніміздің өзі сөз өнері емес пе? Ал, Нобельдің ауылы дәл қазақ үшін тіпті, алыс. Бұған, автор айтпақшы, ұжымдық бірлік, қазақша айтқанда, ауызбірлік қажет. Саясат өз алдына, шығарманың саяси мазмұны бірінші орында. Айтматов неге ала алмады? Алуға бір- ақ адым қалды ғой. Нобель де үлкен саясаттың қармауында кетті де, Горбачев қағып түсірді. Нобель түгілі біздің өзіміздің мемлекеттік сыйлығымыз да саясаттың қоржынында басы қылтиып тұрған жоқ па? Мысалы, Сәкен Жүнісов майы тамған » Жапандағы жалғыз үй» романына ала алмай, «Владимир Ильич, мен Жақай» деген «дежурный» пьесасына алды. Қара қазақ коллективизация кезеңінде ұлы көсеммен телефон арқылы тілдеседі екен. Пьесаның лейтмотиві де осы. Рас, бұл соцреализм көрінісі бола қойсын, қазіргі реализмі жоқ шығармаларда көркемдік деген қағида төмен түсіп бара жатыр. Автор ауызға шайнап салу мәселесін дұрыс көтеріп отыр. Баяғыда Сайын Мұратбеков «Шығармаңның концовкасы тақырыбыңнан белгілі боп тұрмасын» дейтін.
«Меломаннан» тапсырыс арқылы «Вегетарианканы» алдым, енді оқып көреміз.

Қуандық Түменбай жазушы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *